«Бителеком» ӨҚТК АҚ Оқу Орталығы

«Бителеком» ӨҚТК АҚ Оқу Орталығы 10 жылдан астам уақыт байланыс желілерін салумен және пайдалануға берумен айналысатын мамандарды оқытуды жүзеге асырып келеді. Оқу Орталығының мамандары біздің клиенттеріміздің сұранымын қанағаттандыратын, олардың бастапқы дайындықтары мен мамандықтарына қатыссыз, оқу бағдарламалары мен әдістерін жасады. Орталық ТОБЖ бойынша байланыс желілерін монтаждаушылар мен инженерлерді қазіргі заманғы жабдықтармен жұмыс жасау әдістеріне үйрететін арнайы курстар, сонымен бірге инженерлер мен басшыларды байланыс саласының жаңа технологиялары мен тенденциялары жөнінде ақпарат алуға мүмкіндік беретін кеңейтілген семинарлар өткізеді.

Орталық қызметі барысында Орталық Азия, Қазақстан және Ресейдің әртүрлі аймақтарынан 1000-нан астам мамандар оқу курстарынан өтті. Біздің қызметіміз ұзақ қашықтықтағы магистральді байланыс желілерін салумен, пайдалануға берумен шұғылданатын жетекші компаниялар арасында ғана емес, СКС және корпоративті жүйелер салумен айналысатын жүйелілік интеграторлар арасында да үлкен сұранысқа ие бола бастады. Оқу Орталығының клиенттері арасында «Қазақтелеком» АҚ, «Транстелеком» АҚ, «Қазақстан Темір Жолы» АҚ сияқты Қазақстандық компаниялар ғана емес, «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ, «Теңіз – Шевроил» БК, «Алкатель – Лусент Қазақстан» ЖШС сияқты т.б. көптеген шетелдік компаниялар өкілдіктері де бар.

Оқыту ерекшеліктері: Дәрісті «Қазақтсан Республикасының еңбегі сіңген байланысшысы», «AT&T», «Corning»(АҚШ); «Fujikura»; «Ando»(Жапония); «Plumett»(Швейцария); «Vetter», «ComfAir»(Германия); «ТКС-Информ»(Ресей) секілді шетелдік Компаниялардың сертификаттары бар А.В.Гаевский оқиды. Оқытушылық өтілі 30 жылдан астам. Ұқсас ТОБЖ курстарынан өзгешелігі – тыңдаушылар саны шектеулі. Тәжірибе көрсеткендей, бір топта 6-7 тыңдаушының болуы материалды түсіндіруге, олардың қабылдауына жеңіл әрі қолайлы. Былайша айтқанда, әр тыңдаушымен жеке жұмыс жүргізіледі. Бізде ең бастысы – тыңдаушылар дайындығының сапасы, ұсынылған материалды жетік меңгеріп, тиімді қабылдауы. Оқу Орталығы жетекшісінің әзірлеген оқыту әдісі: теориялық білімді практикалық машықтармен ұштастыруға бағытталған. Бұл бағытта Оқу Орталығында «Corning»(АҚШ), «Fujikura»(Жапония), «Wavetek»(Франция, Германия), «EXPO»(Канада) секілді фирмалардың заманауи жабдықтары бар. Тыңдаушы оқу біткен соң да 6 айға дейін тиісті кеңестер алып тұрады. 6 және оданда көп мамандарын оқытқан компаниялар оқыту тақырыбын өздері белгілеуге мүмкіндік алады. «ТОБЖ құрылысын жүргізу және пайдалануға беру туралы» оқыту курсына жыл сайын түзету енгізіліп, реттеліп отырады.

 

«Талшықты–оптикалық байланыс желілерінің құрылысын салу және пайдалануға беру» тақырыбындағы қайта даярлау курсының бағдарламасы:

ТақырыбыСағат саны
1-ші күн
Талшықты өткізгіш, іс-әрекет қағидаттары, құрылымы, параметрлері 4 сағ
Талшықты оптикалық кабельдермен (ТОК) жұмыс істеуде қолданылатын құралдар 1 сағ
ТОК – мен жұмыс істеудегі техникалық қауіпсіздік 1 сағ
ТОК бөлу жөніндегі тәжірибелік сабақтар. Құрал-саймандармен жұмыс. 3 сағ
2-ші күн
Өткізгіштерді дайындау технологиясы. Газды фазадан химиялық тұндыру әдісі. Қосарлы тигл әдісі. 1 сағ
Талшықты өткізгіштер сипаттамасы (өшіру, дисперсия, өткізу жолағы) «Таза терезе» 3 сағ
UCAO-4-9 оптикалық муфтасының құрылымы және құрастыру технологиясы 1 сағ
UCAO-4-9 муфтасын құрастыруға арналған тәжірибелік сабақтар 4 сағ
3-ші күн
Оптикалық талшықтарды дәнекерлеу. LID және PAS – дәнекерлеу аппараттарының жүйесі 2 сағ
RXS A-60 дәнекерлеу аппараты 1 сағ
Fujikura FSM - 50S, FSM – 60S дәнекерлеу аппараттары 1 сағ
Оптикалық талшықтарды дәнекерлеу жөнінде тәжірибелік сабақтар 4 сағ
4-ші күн
Құрылыс барысында талшықты оптикалық байланыс желілерін (ТОБЖ) өлшеу 1 сағ
ТОБЖ құрылысының техникалық құжаттарын рәсімдеу 2 сағ
ТОБЖ құрылысының нормалары мен талаптары 1 сағ
Пайдалануға берудегі ТОБЖ өлшемі 1 сағ
Оптикалық талшықты (ОТ) дәнекерлеу жөнінде тәжірибелік сабақтар 4 сағ
5-ші күн
ТОБЖ өлшеу құралдары. EXFO оптикалық тестері 1 сағ
Өлшеу әдістері. «Үзу» әдісі 1 сағ
Оптикалық рефлектометр 2 сағ
OTDR рефлектограммасы 1 сағ
EXFO оптикалық тестерімен тәжірибелік сабақтар 4 сағ
6-шы күн
MTS 5200 Рефлектометрi 1 сағ
Қажетті өлшеу параметрлерін таңдау және орнату 1 сағ
Дәнекерлеу барысындағы нақты шығындарды есептеу 1 сағ
EXFO рефлектометрлері (FTB – 200, FTB – 500) 1 сағ
Талшықты оптикалық кабельдерді (ТОК) өлшеу жөнінде тәжірибелік сабақтар 4 сағ
7-ші күн
Талшықты оптикалық кабельдердің (ТОК) жіктелімі. Тұрпаты мен маркілері. Модульдер мен талшықтардың түсті таңбаламасы 2 сағ
ТОБЖ-ң енжар құрауыштары. Оптикалық ағытпалы қосқыштар (ST; SC; FS). Ұштықтарды жылтырату түрлері 2 сағ
ТОК өлшеу жөнінде тәжірибелік сабақтар 4 сағ
8-ші күн
Пигтейлдер мен пачкордтар. Енгізілген өшіру және кері шағылысу коэффициенттері 1 сағ
Үлестіру–кросс жабдықтары (ODF) 1 сағ
Күрделі муфталарды, модульдерді бөлгіштерді құрастыру. Құрастыру тәсімін жасау 2 сағ
Күрделі муфталарды құрастыру жөнінде тәжірибелік сабақтар 4 сағ
9-шы күн
Оптикалық кабельдерді төсеу әдістері 1 сағ
«SILICORE» түтігінде ТОК–ді төсеу және құрастыру 3 сағ
Оптикалық талшықтардың әртүрлі жалғануларын өлшеу жөнінде тәжірибелік сабақтар 4 сағ
10-шы күн
Тәжірибелік машықтары бойынша сынақ 4 сағ
Теориялық білімдері бойынша емтихан 3 сағ
Қорытынды бөлім, сертификаттар тапсыру 1 сағ

 

Бағдарламаны құрастырушы Оқу Орталығының жетекшісі А.В.Гаевский.

Толық курс 84 академиялық сағатты құрайды.Сабақтар топтардың қалыптасу ыңғайына қарай қатысушылардың келісімімен, курстың өту уақытына сәйкес жүргізіледі. Топтарға жазылу үшін электронды мекенжайға (Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. Вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її.) немесе факске (+7(727) 238-17-27) тапсырыс беру керек. Тапсырыс курстың тақырыбы және тыңдаушылар саны көрсетілген еркін формада беріледі (мүмкіндігінше фирмалық бланкте).

Он күндік оқу курсының ақысы 224 000 (екі жүз жиырма төрт мыңды) құрайды, бір тыңдаушыға 12 пайыз қосымша құн салығын қоса есептегенде.

Курс аяқталған соң емтиханды сәтті тапсырған тыңдаушыларға белгіленген үлгідегі сертификаттар тапсырылады.


Оқу процессі