TOO "Спира Берга"

«Бителеком» ӨҚТК АҚ Алматы қаласында 2001 жылы құрылған, полиэтиленді құбырлар шығаратын «Спира – Берга» зауытының құрылтайшысы болып табылады. Зауыт Қазақстанда импорт алмастыру ұлттық бағдарламасы шеңберінде құрылған. Қазіргі күні диаметрі 40/32, ішкі ұзартылған рифлениесі және лубрикациялық жабындысы бар талшықты-оптикалық кабельдерге арналған арнайы полиэтиленді құбырлар өндіріліп, тұтынушыларға өткізіліп отыр. Шығарылған құбырлар әлемдік ISO 9001 стандарттарына сай келеді. Полиэтиленді құбырлар шығару жабдықтары әлемдегі алдыңғы қатарлы экструзионды желілер өндіретін бірден бір компания – Австрияның CINCINATTI EXTRUSION фирмасынан алынған. Бұл күнде Қазақстан Республикасында бұған ұқсас полиэтиленді құбырларды ешкім өндірмейді. Басты жетістіктердің бірі – шығарылған п/э құбырлардың бағасының салыстырмалы төмендігі, себебі құбырларды алыс және жақын шетелдерден тасымалдау барысында баға үлесіне транспорттық, кедендік және сақтандыру шығындары кіреді.

«Спира Берга» ЖШС туралы нақты ақпаратты зауыттың сайтынан көре аласыздар.