Компания басшылығы
Компания президенті Берғарипов Халибек Зейнуллаұлы. Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген байланысшысы. «Бителеком» ӨҚТК АҚ-ның директорлар Кеңесінің мүшесі. Өндірістегі қызметімен қатар Берғарипов Х.З. қоғамдық-саяси жұмыстарға да белсене араласады, екінші мерзімге сайланған Алматы қалалық Мәслихатының депутаты. «Нұр Отан» ХДП Әуезов аудандық филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қоғамдық Кеңесінің төрағасы. «Нұр Отан» ХДП Әуезов аудандық филиалының Саяси Кеңес мүшесі. Еңбектегі жоғарғы жетістіктері үшін Берғарипов Х.З. «Құрмет белгісі» орденімен, КСРО байланыс министрлігінің Құрмет грамотасымен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Құрмет» орденімен марапатталған, «Құрметті байланысшы» атағы берілген.
Бірінші Вице–президент Берғарипов Қайырбек Халибекұлы. Алматы энергетикалық институтын «Автоматикалық электр байланысы» мамандығы бойынша, Евразия нарық институтын «Менеджмент» мамандығы, «Экономист» квалификациясы бойынша бітірген. Мәскеу қаласындағы Ресей Федерациясының Халықаралық Академиялық одағының шешімімен «Техникалық ғылымдар кандидаты» атағы берілген (2002 ж.). 1997 жылдан – «Қазақтелеком» ААҚ бас менеджері, 1999 жылдан - «Қазақтелеком» ААҚ бөлім бастығы, 2000 жылдан – «Бителеком» ӨҚТК АҚ Бірінші Вице–президенті, 2004 жылдан – «Спира–Берга» ЖШС Бас директоры (полиэтиленді құбырлар өндіретін зауыт).
Вице–президент Берғарипов Әділбек Халибекұлы. 2005 жылы Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін «Физика» мамандығы бойынша бітірген. 2007 жылы «Физика магистрі» атағы берілген. 2010 жылы Англияның Бристоль қаласындағы «University of the West of England» университетін бітірген, ИТ магистрі (Msc IT) атағын алған. 2103 жылы Халықаралық бизнес Академиясын бітірген, «Әкімшілдік бизнес магистрі» атағы берілген.
Вице–президент, Жобалау Орталығының басшысы Ефимов Николай Михайлович. Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген байланысшысы. Білімі жоғары, Алматы энергетикалық институтын «Автоматикалық электр байланысы инженері» мамандығы бойынша бітірген.
Бас бухгалтер Кирьянов Максим Михайлович. Білімі жоғары, 1996 жылы Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясын «Экономист» мамандығы бойынша бітірген. Сертификаттаудан өткен бухгалтер – аудиторлардың Халықаралық кеңесінің «ICCAA» Бухгалтер – практик (САР) (2002 ж.) сертификаты бар. 2008 жылы Халықаралық Қаржы Есеп – Қисабы АССА (DipIFR Russian) Дипломымен марапатталған.
Сайфульмулюков Дамир Хабирович. Өндірістік – экономикалық бөлім басшысы. Бас құрылысшы. Білімі жоғары, Томскінің автоматтандырылған басқару жүйесі және радиоэлектроника институтын бітірген. «ВОЛП құрылысын жүргізу және пайдаланудағы жаңа технологиялар» ТКС – Информ (Мәскеу қ.), «Бителеком» ӨҚТК АҚ Оқу орталығының (Алматы қ.), «Фуджикура» фирмасының сертификаттары, «Құрылыс ісі және тұрғын үй – коммуналды шаруашылық комитетінің» ҚР сейсмикалық аудандарында, мұнай – газ өнімдері құбырлары қорғалатын аймақтарында СМР өндіруге кепілдік беретін куәліктері бар.
Бас механик Сериков Александр Иванович. Білімі жоғары. Мелитополь ауылшаруашылығы механизациясы және энергетикасы институтын «Инженер – механик» мамандығы бойынша бітірген. Американың «Vermeer» фирмасының сертификаты бар. Өндірістік қызметімен бірге қоғамдық – саяси жұмыстарды да белсене атқарады. «Нұр Отан» ХДП бастауыш партия ұйымының төрағасы, Алматы қалалық Мәслихаты депутатының көмекшісі.
Инженерлік енгізу орталығының басшысы, оқу орталығының жетекшісі Гаевский Анатолий Валентинович. Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген байланысшысы. Білімі жоғары. Ташкенттің электротехникалық байланыс институтын «Электр байланысы инженері» мамандығы бойынша бітірген. Оқытушылық тәжірибесі 30 жылдан астам. «AT&T», «Corning» (АҚШ); «Fujikura»; «Ando» (Жапония); «Plumett» (Швейцария); «Vetter», « CompAir» (Германия); «ТКС – Информ» (Ресей) сертификаттары бар.